Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Әл-Фараби атындағы #21 мамандандырылған гимназия ұжымы мен ата-аналары қаламыздағы “Аяла” өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілеріне көмек қолын созып, балаларға қуаныш сыйлап қайтты. Әл-Фараби бабамыз “Қайырымдылық- бақытқа жету мақсатынан туған жақсылық» дегендей, қайырымды іс жасауды мақсат еткен жандарға алғыс білдіреміз.



