Сайыс барысында қатысушылар қазақтың ұлттық ойындарын таныстырып, олардың ерекшеліктері мен тәрбиелік мәнін көрсетті. Атап айтқанда, асық ату, арқан тартыс, бес асық, гір көтеру, қол күрес ойындары ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің ептілігі, шапшаңдығы мен күш-жігерін көрсетті.

Іс-шара білім алушыларды салауатты өмір салтына баулып, ұйымшылдыққа, батылдыққа және ұлттық мұраға деген құрметін арттыруға бағытталды.

Сайыс жоғары деңгейде өткізілді.

#ұлттықойын
#NauryzDigitalAqtobe2026
#наурызнамаақтөбе2026