Сайыс барысында қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдеп-ғұрпын, ұлттық киім үлгілерін таныстырып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, жеңге мен қыз тәрбиесіне қатысты тағылымды көріністер қойылып, қатысушылардың тапқырлығы мен білім деңгейі сыналды.

Іс-шара оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, қыз балалардың бойындағы әдептілік, көркем мінез, инабаттылық қасиеттерін дамытуға бағытталды.

Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

#NauryzDigitalAqtobe2026
#наурызнамаақтөбе2026