Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда білім алушылардың көңіл-күйін көтеріп, гимназияда достық пен сенім ахуалын нығайту мақсатында «Сен жалғыз емессің» акциясы өтті!
Бұл күн гимназия қабырғасында ерекше жылулық пен қолдауға толы болды. Акция аясында біз не істедік?
«Қолдау шеңбері»: Бір-бірімізге сенім артып, ішкі күшімізді сезіндік.
«Сен маңыздысың» флешмобы: Әр білім алушының бірегей әрі құнды екенін жарқын бимен көрсеттік!
«Жылы сөздер» бұрышы: Жүректен шыққан тілектер мен мейірімді сөздер жазылған хаттар гимназия дәлізін жайнатып жіберді.
«Сенім жәшігі»: Іштегі сырды бөлісіп, көмек сұраудан қорықпау — нағыз батылдық. Психолог және Әлеуметтік педагог әр хатты назардан тыс қалдырмайды.
Басты мақсатымыз: Гимназия да әрбір бала өзін қауіпсіз, бақытты және ең бастысы — ЖАЛҒЫЗ ЕМЕС екенін сезінуі тиіс.
Біз бірге болғанда кез келген қиындықты жеңе аламыз!
@jan_ahual_aktobe