Оқушылар мерекелік құттықтаулар айтып, жүрекжарды тілектерін білдіріп, шағын концерттік бағдарламаларын ұсынды. Әсем ән мен әсерлі сөздер арқылы аналарға, апайларға және барлық әйелдер қауымына алғыстарын жеткізді.

Іс-шара барысында мектеп ұжымы мен оқушылар мерекелік атмосфераны сезініп, қуаныш пен шаттыққа бөленді. Осындай игі шаралар арқылы білім алушылар үлкенге құрмет, анаға деген сүйіспеншілік пен ізеттіліктің үлгісін көрсетті.