Бұл күн — ұқсастық пен үйлесімділіктің, достық пен бірліктің мерекесіне айналды. Егіздеріміз түрлі кезеңдер бойынша өз өнерлерін, тапқырлықтарын, шығармашылық қабілеттерін және бір-бірін қаншалықты жақсы түсінетіндерін көрсетті.

«Блиц-викторина» кезеңінде жылдам ойлау қабілеттері байқалса,
«Сәйкес ой» турында олардың ерекше байланысы айқын көрінді.
«Fashion Twins» сән көрсетілімі мен «TwinTik Dance» заманауи билері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Ал «Біз осындай егіздерміз» бөлімінде қатысушылар өз таланттарын паш етті.

Фестиваль барысында сахнада көтеріңкі көңіл-күй, шынайы күлкі мен қуаныш атмосферасы орнады. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, ерекше өнерлерімен есте қалды.