



Аталған акцияның басты мақсаты – білім алушылар арасында кітап оқуды насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және ізгілік пен жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар бір-біріне сүйікті кітаптарын сыйға тартып, шығармалар туралы пікірлерімен бөлісті. Акцияға қатысушылар жоғары белсенділік танытып, кітап таңдауда ерекше жауапкершілік пен қызығушылық көрсетті. Әр сыйланған кітап – достықтың, құрметтің және білімге деген сүйіспеншіліктің белгісі ретінде қабылданды.
Ұйымдастырушылар белсенділік танытқан білім алушыларға алғыс білдіріп, олардың кітапқа деген құштарлығы арта берсін деген ізгі тілектерін жеткізді. Акция жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беріп, оқуға деген қызығушылығын одан әрі нығайта түсті.
