Әл-Фараби атындағы #21 мамандандырылған гимназияда “Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт” жобасы аясында 3 “ә” класс оқушылары Сұлтан Қалиұлының еңбектерімен танысып, автор туралы тың деректер алды. Оқушылар топтарға бөлініп, жұмбақ шешіп, мақал-мәтелдерін оқып, өлеңдерін жатқа оқып жарысты. Шараға тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен кітапханашы Н.Аликулова қатысты.

Класс жетекшісі Такенова А.Е.