


Акцияның мақсаты – жас ұрпақтың бойында мейірімділік, жанашырлық, адал еңбекке құрмет және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру. Оқушылар ізгілікке үндейтін игі бастама көтеріп, айналасына шынайы қамқорлық көрсетудің үлгісін танытты.
Жақсылықты дәріптеуді мақсат еткен 11 «В» сыныбы челленджді 11 «А» сынып білім алушыларына жолдап, «Жақсылық жасап жарысайық!» деген ұран тастады. Бұл бастама – оқушылар арасында ізгі істер эстафетасын жалғастырып, бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға бағытталған.
Осындай игі шаралар арқылы мектепте мейірім мен адамгершілік құндылықтары кеңінен насихатталып, «Адал азамат» қағидаттары іс жүзінде жүзеге асуда.
