Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамыту.

Салтанатты сәтте клуб қатарына жаңадан қабылданған жас кітапсүйер қауымға арнайы төсбелгілер табысталып, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігі мен білімге деген құштарлығы ерекше атап өтілді. Ұйымдастырушылар оқушыларға алғыс білдіріп, алдағы уақытта да ізденістен танбай, көркем әдебиет пен танымдық еңбектерді тұрақты оқып, ой-өрістерін кеңейте берулеріне тілектестік білдірді.

«Кемеңгер» оқырмандар клубы – жас буынды парасаттылыққа, ой тереңдігіне, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеуге баулитын маңызды алаң. Клуб мүшелері алдағы уақытта түрлі әдеби кездесулерге, пікірталастарға және шығармашылық шараларға белсенді қатысатын болады.
@bilim_qazyna_aqtobe
@aqtobe_bilim_bolimi