




Сайыстың басты мақсаты – білім алушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, зияткерлік деңгейін арттыру және адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын насихаттау.
Іс-шара барысында оқушылар ерекше белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Топтық кезеңдерде бір-біріне қолдау көрсетіп, ынтымақтастықта жұмыс жасай білді. Қатысушылардың тапқырлығы мен білімге деген құштарлығы сайыстың мазмұнды әрі тартымды өтуіне ықпал етті.
Мұндай зияткерлік сайыстар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, білімдерін тереңдетуге, өз ойларын еркін жеткізуге және көшбасшылық қасиеттерін шыңдауға зор мүмкіндік береді. “ОйлаSAY” сайысы білім мен бірліктің үйлесім тапқан жарқын үлгісіне айналды. #адалазамат #біртұтас_тәрбие
