




Мектебімізде оқушылардың бойында этикалық нормалар мен сыйластық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Құндылықтарды дәріптеу: Оқушылар арасында өзара құрмет пен түсіністік мәдениетін нығайту.
Этикалық сауаттылық: «Жеке шекара» ұғымын түсіндіру және өзгенің кеңістігіне құрметпен қарауды үйрету.
Конфликтілердің алдын алу: Келіспеушіліктерді конструктивті диалог арқылы шешу жолдарын көрсету.
Танымдық кезең және Quiziz ойыны
Сынып сағаттары тек теориялық дәріс түрінде емес, интерактивті бағытта өтті. Оқушылар тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру мақсатында Quiziz платформасы арқылы онлайн-тест тапсырды. Ойын форматындағы сауалнама оқушылардың қызығушылығын арттырып, адамгершілік нормаларын нақты жағдаяттар (кейстер) арқылы талдауға мүмкіндік берді.
#адал_азамат
#оқу_ағарту_министрлігі
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_bilim_bolimi
