
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Шагиров Жанибек Асылбекұлының қатысуымен «Интернет алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында ағартушылық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында интернет алаяқтықтың қазіргі қоғамда кеңінен таралып, өзекті мәселеге айналып отырғаны атап өтілді. Спикер алаяқтардың қолданатын негізгі айла-тәсілдері, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын қылмыстар, сондай-ақ азаматтардың жеке деректерін қорғаудың маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар соңғы уақытта жиі кездесетін дропперлердің көбеюі, олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеу, белгісіз сілтемелерді ашпау және банк деректерін бөгде адамдарға бермеу қажеттігі туралы нақты мысалдар келтірілді.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың және педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және алаяқтықтың алдын алу болды.
