Апталық аясында ұйымдастырылған әрбір сыныптан тыс іс-шараның көзделген мақсаты толық ашылып, түрлі форматта қызықты әрі мазмұнды өтті.

Білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, ғылым мен технологияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған бұл іс-шараларда ұшқыр ойымен, терең білімімен ерекшеленіп, жүлделі орындарға ие болған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Аталған апталық білім мен логиканың, есеп пен ойдың, ғылым мен технологияның тоғысқан алаңына айналды. Ол білім алушыларды жаңа ізденістерге жетелеп, болашаққа сеніммен қадам басуға мүмкіндік берді.

Ғылым – алға бастар жарық жолымыз,
Білімменен биіктейді бар ұлымыз.
Digital mind – болашақтың кілті бұл,
Ақыл-оймен ашылады әр күніміз.
@bilim_qazyna_aqtobe
@aqtobe_bilim_bolimi