Жиналыс барысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің өткізілу ережелері, тестілеу кезінде қолдануға тыйым салынған заттар, сондай-ақ биылғы маңызды өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар қорытынды аттестаттаудың нормативтік талаптары, аттестаттауға қатысатын пәндер, бағалау ережелері мен емтихан өткізу рәсімдері түсіндірілді. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, білім алушыларды емтиханға дайындау кезеңінде психологиялық қолдаудың, жауапкершілік пен өзара түсіністіктің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Қорытынды аттестаттаудың нақты емтихан күндері қосымша хабарланатыны айтылды. Жиналыс соңында ата-аналарға арналған тренингтер ұйымдастырылып, пайдалы кеңестер ұсынылды.
@bilim_qazyna_aqtobe
@aqtobe_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy