
📍Ақтөбе қаласындағы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясында «Экологиялық тәрбие: бүгінгі қадам, ертеңгі нәтиже» атты облыстық іс – шарасы өтті. Мақсаты –оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру, экологиялық сананы нығайту және күнделікті өмірде экологиялық сауатты әрекет етуге ынталандыру.
🌱Шара интерактивті кездесулер, танымдық дәрістер және ашық пікір алмасу алаңы форматында ұйымдастырылды. Спикерлер оқушылармен кездесіп, қоршаған ортаны қорғаудың маңызы, экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму құндылықтары жөнінде мазмұнды ақпараттар ұсынды. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, экологиялық мәселелер бойынша белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік алды.
👥Шараға 120-ға жуық оқушы қатысты.
📌Іс-шараның маңызы – жас ұрпақтың экологиялық санасын нығайтып, табиғатты қорғауды әр азаматтың ортақ міндеті ретінде қабылдауына ықпал ету. Бұл бастама Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылып, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеясын насихаттауға бағытталған. Экологиялық тәрбие арқылы қоғамда жауапты, саналы және ел болашағына бей-жай қарамайтын тұлға қалыптастыру көзделеді.
