Бүгін Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда орта білім беру ұйымының бірінші басшысы қамқоршылық кеңес мүшелеріне 2025 жыл (қаңтар–желтоқсан) аралығында атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есеп ұсынды.

Есеп беру барысында 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айлары аралығында атқарылған жұмыстар, оқу-тәрбие процесіндегі жетістіктер, білім алушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар және мектеп өміріндегі маңызды оқиғалар кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың жұмсалған қаражат есебі тыңдалып, оның мақсатты әрі тиімді пайдаланылуы туралы мәлімет берілді.

🔹 Кездесу барысында тараптар арасында кері байланыс орнатылып, қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.
🔹 Алдағы кезеңге арналған жоспарлар айқындалып, бірлескен жұмыстардың бағыттары белгіленді.
@bilim_qazyna_aqtobe
@aqtobe_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy