




Іс-шара барысында оқушылар қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың теріс әсері, оның мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін зияны туралы ой бөлісті. Пікірталасқа қатысушылар адалдық пен әділдіктің қоғам өміріндегі маңызын талқылап, жас ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігіне тоқталды.
Шара қорытындысында оқушылар:
“Адалдық – ардың ісі, әділдік – елдің күші” екенін айтып, әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі жоғары болуы керектігін ерекше атап өтті. Еліміздің жарқын болашағы, әділ әрі дамыған мемлекет құру – ең алдымен, бүгінгі жас буынның сана-сезіміне, таңдаған жолына тікелей байланысты.
Пікірталас “Адал бол, үлгі бол! Мемлекет дамуы – біздің қолымызда!” деген түйінді оймен аяқталды.
#Адалұрпақ #бейнероликбайқауы #жемқорлыққақарсы
#АдалҰрпақАқтөбе
@bilim_qazyna_aqtobe
@aqtobe_bilim_bolimi
