




Lesson Study – мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің тиімді педагогикалық тәсілі. Осы мақсатта 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығына арналған Lesson Study топтарының құрамы бекітіліп, әр топ өздерінің жұмыс жоспарларын құрып, белсенді түрде жұмыс жүргізуде.
Аталған жұмыс аясында химия пәні мұғалімі Танжарова Ж.И. 8 «А» сыныбында «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» тақырыбында, №4 зертханалық жұмыс «Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар» бойынша Lesson Study зерттеу сабағын өткізді.
Сабақ барысын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әли Г.Қ. қатысып, топ мүшелерімен бірлесе талдау жұмыстарын жүргізді.
