Балаларға арналған түсінікті ереже:
– Терезе – ойын орны емес.
– Терезеге жақындауға болмайды.
– Үлкендерсіз терезе ашуға болмайды.
♨️Өрт – адам өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіретін апат. Өрттің алдын алу және дұрыс әрекет ету – әрбір азаматтың міндеті.
Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері:
✅ Үйде:
– Электр құрылғыларын қолданғанда абай болу;
– Пеш пен газ плитасын қараусыз қалдырмау;
– Сіріңке мен оттықты балалардан аулақ ұстау;
– Арнайы өрт сөндіргіш құралдарының болуы (өрт сөндіргіш, құм, су);
– Розеткаларға көп құрылғы қоспау.
✅ Мектепте:
– Өрт дабылы мен шығу жолдарын жаттап алу;
– Қысқа тұйықталу мен түтінді байқасаңыз, дереу хабар беру;
– Сабыр сақтап, мұғалімнің нұсқауын тыңдау;
– Қауіпсіз жерге тез және тәртіппен шығу туралы ережелер айтылды.
@bilim_qazyna_aqtobe
@aqtobe_bilim_bolimi