

Сынып сағатының басты мақсаты – оқушылар арасында өзара сыйластықты арттырып, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық пен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал ету болды.
Іс-шара барысында оқушылар буллингтің түрлері, оның алдын алу жолдары туралы мәлімет алып, түрлі жағдаяттарды талдау арқылы дұрыс шешім қабылдауға дағдыланды. Сонымен қатар, топтық жұмыстар, пікірталас және шығармашылық тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдау, түсіну және қолдау көрсету дағдыларын нығайтты.
Сынып сағаты оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырып, мектепте қауіпсіз әрі қолайлы орта құрудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталды. Шара соңында балалар бақытты балалық шақтың басты шарты – бір-біріне мейірімділік танытып, буллингке жол бермеу екенін атап өтті.
@oqu_agartu_ministrligi
@birtutas_tarbie2024
@erlankalmakov
@anar_tanirbergenova18
