Шараның мақсаты – оқушыларға буллингтің түрлері мен оның зияны туралы түсінік беру, өзара сыйластық пен қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру, жағымды психологиялық ахуал орнату.

Іс-шара барысында оқушылар топтық жұмыс арқылы «Сыныптың ортақ ережелерін» құрастырып, достық, сыйластық, жауапкершілік және бір-біріне қамқорлық көрсету сияқты басты қағидаларды белгіледі. Сонымен қатар, жағдайлық тапсырмалар орындалып, буллингке жол бермеудің тиімді тәсілдері талқыланды.

Оқушылар буллинг жағдайында дұрыс әрекет ету жолдарын үйреніп, әркімнің қауіпсіз әрі бақытты ортада білім алуға құқығы бар екендігін атап өтті. Шара соңында білім алушылар «Бірлік бар жерде — буллинг жоқ!» деген ортақ ұстанымды қолдап, өз сыныптарында достық атмосферасын сақтауға уәде берді.
@oqu_agartu_ministrligi
@birtutas_tarbie2024
@erlankalmakov
@anar_tanirbergenova18
@abishevtoleu
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
@adal_azamat_aqtobe
#адал_азамат
#адал_азамат_ақтөбеоблысы
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие