



Шараның мақсаты – оқушыларға тұмаудың белгілері, оның таралу жолдары және одан сақтанудың тиімді тәсілдері туралы түсінік беру, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігін қалыптастыру.
Түсіндіру барысында жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, дәрумендерді жеткілікті қолдану, қолды жиі жуу және адамдар көп жиналатын орындарда сақтық шараларын ұстану секілді маңызды ережелер айтылды. Оқушыларға денсаулықты күту – әркімнің өз жауапкершілігі екені ерекше атап өтілді. @aqtobe_bilim_bolimi @aqtobe_bilim_basqarmasy
