



Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, өз ойын сахна арқылы жеткізе білуге тәрбиелеу, сондай-ақ адамгершілік құндылықтарды насихаттау болды.
Шараға қатысқан бастауыш сынып білім алушылары өздерінің актерлік шеберліктерін, сахна мәдениетін, қойылым идеясының өзектілігі мен тәрбиелік мәнін жоғары деңгейде көрсете білді. Әр қойылымда мейірімділік, достық, адалдық, ынтымақ және жауапкершілік секілді маңызды құндылықтар көрініс тапты.
Сахнаның безендірілуі, костюмдерінің ойластырылуы, кейіпкерлерді шынайы сомдауы оқушылардың жан-жақты дайындалғанын көрсетті. Байқау барысында балалардың teamwork, шығармашылық ойлау, өзара қолдау көрсету дағдылары айқын байқалды.
Іс-шара оқушылардың рухани дамуына, өнер арқылы тәрбиеленуіне ықпал етіп, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді нығайтуға жол ашты.
@oqu_agartu_ministrligi
@birtutas_tarbie2024
@erlankalmakov
@anar_tanirbergenova18
@abishevtoleu
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
@adal_azamat_aqtobe
#адал_азамат
#адал_азамат_ақтөбеоблысы
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
