


Кездесу барысында оқушыларға құқықтық жауапкершілік, әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылық түрлері, жасөспірімдердің құқықтық санасын арттыру, олардың қоғамдағы орнын сезіндіру жайлы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, заң алдындағы жауапкершілік, құқықтық мәдениет пен тұлғалық даму жолындағы тәртіптің маңызы туралы нақты мысалдар келтірілді.
Мұндай шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал ететіні сөзсіз.
@oqu_agartu_ministrligi
@birtutas_tarbie2024
@erlankalmakov
@anar_tanirbergenova18
@abishevtoleu
@aqtobe_bilim_basqarmasy
