Мақсаты – заманауи білім беру талаптарына сай мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерту және әріптестік тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды.

Семинар барысында қатысқан ұстаздар өздерінің кәсіби даму жолындағы жетістіктерін таныстырып, сабақта қолданатын жаңашыл әдістер мен тәжірибелерін ортаға салды.

Сонымен қатар, семинарда мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдаудың тиімді тетіктері – әдістемелік бірлестіктер жұмысы, коучинг пен мониторинг үлгілері, педагогтердің өзіндік білім жетілдіру жоспары, онлайн-платформалар арқылы білім арттыру мүмкіндіктері талқыланды.