Мақсаты: Білім беру процесіне адал, дербес, жауапты және әділ қатысу
мәдениетін дамыту. Педагогтердің кәсіби қызметі шеңберінде міндеттері:
Құжаттаманы, есептерді, әдістемелік және аттестациялық материалдарды адал және дұрыс рәсімдеу;
Деректерді бұрмалау, басқа адамдардың материалдарын дереккөзсіз пайдалану секілді бұзушылықтарға жол бермеу;
Кәсіби байқауларға, жобаларға, жарияланымдарға және конференцияларға қатысу кезінде академиялық адалдықты сақтау;
Бірлескен жұмыста авторлықты уақтылы көрсету және әріптестердің үлесін құрметтеу;
Бағалау, ұсыным жазу, ресурс бөлу және сарапшылық қызметте мүдделер қақтығысынан аулақ болу;
Интернеттен алынған мәтіндерді, слайдтарды, графиктерді сенімділігін тексермей немесе мазмұнын түсінбей пайдаланбау;
Басқа мұғалімдердің әдістемелік материалдарын сынып ерекшелігіне бейімдеусіз қолданбау;
ЖИ көмегімен жасалған материалдарды (мәтіндер, тапсырмалар, суреттер және т.б.) талдамай, өңдемей қолданбау.