
Осы дерек бойынша Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр ⚖️.
Ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау үшін жедел іс-шаралар қабылданды 🔍. Күдіктілер жақын уақытта анықталып, заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады 🚔.
Сонымен бірге білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді:
📹 мектептердегі бейнебақылау жүйелерінің жұмысы арттырылған;
👮♀️ оқу орындары маңында полиция жасақтарының саны көбейтілген.
Барша азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырамыз
