Мектебімізде балалардың құқықтарын қорғау және олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі омбудсмені болып өзін-өзі басқару ұйымының президенті, 10-сынып оқушысы Турышова Айдана Нұрбекқызы тағайындалды.

Балалар омбудсмендері – бала мен мемлекет арасындағы сенімді дәнекер болып табылады. Олар өз замандастарының құқықтарын қорғауға бағытталған өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, әлеуметтік бастамаларды қолдап, балалардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын насихаттайды.

Жас омбудсмендер бала мүддесін ескеретін мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге де атсалысады. Турышова Айдана өз замандастарының құқықтарын қорғау мен әділдік қағидаттарын ұстануда жауапкершілікпен қызмет атқарады деп сенім білдіреміз.