Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда «Досбол Like» бағдарламасы аясында мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері оқушыларға арналған көңілді қоңырау шарасын ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында жағымды көңіл-күй қалыптастыру, достық пен бірлікті нығайту, сондай-ақ мектептегі позитивті орта мен жылы қарым-қатынасты дамыту болды.

Көңілді қоңырау барысында оқушылар би билеп, ән шырқап, түрлі сергіту сәттеріне қатысты. Шара барлық қатысушыларға қуаныш пен шаттық сыйлап, мектеп дәлізінде көтеріңкі көңіл-күй орнады.

Өзін-өзі басқару ұйымының бастамасымен өткен бұл іс-шара оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, «Досбол Like» бағдарламасының басты ұстанымы – жақсылық жасау, позитив тарату және мейірімге шақыру идеяларын кеңінен насихаттады.
@oqu_agartu_ministrligi
@birtutas_tarbie2024
@erlankalmakov
@anar_tanirbergenova18
@abishevtoleu
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
@adal_azamat_aqtobe
#адал_азамат
#адал_азамат_ақтөбеоблысы
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие