Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда өзін-өзі басқару ұйымының бастамасымен әр сыныптағы оқулықтардың сақталу жағдайын анықтау мақсатында мектепішілік мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында оқушылардың оқулықтарды ұқыпты пайдалану деңгейі тексеріліп, кітаптардың мұқабасы, беттердің тазалығы мен бүтіндігіне назар аударылды. Тексеру нәтижесінде көпшілік оқушылардың оқулықтары жақсы жағдайда екені анықталды. Сонымен қатар, аздаған сыныптарда мұқабасы жыртылған немесе жазбалар салынған кітаптар кездесіп, тиісті ескерту берілді.

Аталған жұмыс оқушылардың кітапқа деген жауапкершілігін арттыру және мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында тұрақты түрде жүргізілетін болады.