



2025 жылғы 29 қазанда Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия базасында MM Publications баспасының «Top Stars for Kazakhstan. Grade 4» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға мұғалімдер жоғары қызығушылық танытып, талқылауларға белсене қатысты. Баспаның әдіскерлері — Інжу Зақарина мен Айгерім Құрманғазина — бастауыш сыныптарда ағылшын тілін тиімді оқытуға арналған тәжірибелерімен, жаңа әдістемелік тәсілдерімен және практикалық идеяларымен бөлісті.
Ағылшын тілі мұғалімдері кафедрасына семинарды ұйымдастыру мен өткізуге көрсеткен көмегі үшін ерекше алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, команданы басқарып, жоғары деңгейде дайындық жүргізген Асанбаева Г.Ж. еңбегін атап өткіміз келеді.
✨ Семинар кәсіби тәжірибе алмасу мен шабыт алуға тамаша мүмкіндік болды!
