



Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда күзгі каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың бойында отансүйгіштік, әділдік пен жауапкершілік сияқты адами қасиеттерді қалыптастыру мақсатында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Каникул күндері білім алушылар “Демалыста кітап оқимыз” атты акция аясында көркем және танымдық әдебиеттер оқып, өз әсерлерімен бөлісті. Әдеби шығармаларды оқу арқылы оқушылар рухани тұрғыдан байып, туған елге деген сүйіспеншілік пен адамгершілік құндылықтардың мәнін терең түсінді.
Бұл акция жас ұрпақтың оқу мәдениетін дамытуға, бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуге зор мүмкіндік берді. #Күзгіканикул2025Ақтөбе
