Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда күзгі каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың бойында отансүйгіштік, әділдік пен жауапкершілік сияқты адами қасиеттерді қалыптастыру мақсатында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Айтыс” сайысы ұйымдастырылды.

Шара барысында оқушылар суырыпсалма шешендік қабілеттерін, тапқырлықтары мен ой ұшқырлығын танытып, өз өнерлерін ортаға салды. Айтыс барысында жас ақындар туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық, әділдік сынды құндылықтарды жыр арқауына айналдырды.

Бұл сайыс оқушылардың сөз мәдениетін, шешендік өнерін дамытып, ұлттық дәстүрге деген қызығушылығын арттырды.