


25 қазан – Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда “Менің елім – Қазақстан” тақырыбында патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, елге деген сүйіспеншілікті музыка арқылы жеткізу және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Байқау барысында білім алушылар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, әсерлі орындауларымен көрермендердің көзайымына айналды.
Шара мазмұны мен тәрбиелік мәні тұрғысынан тартымды әрі рухани бағытта өтті.
