10-11 класс ер балаларына әскери-патриоттық тәрбие және кәсіптік бағдар беру мақсатында Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Жолшыбек Ержан Тұрсынбекұлы және гимназиямыздың 2019 жылғы түлегі, ӘҚК Әскери институтының 3-курс курсанты Орынбаев Әли Бауыржан ұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында ӘҚК Әскери институтының ерекшеліктері мен оқуға түсу үшін білім мен физикалық дайындықтың, денсаулықтың маңыздылығын айтып өтті. Гимназистеріміздің тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар алынды.
