Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда Республика күні мерекесіне орай “Менің Отаным – Қазақстан” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, ел тарихы мен рәміздерге деген құрмет сезімін арттыру, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу болып табылады.
Іс-шара барысында оқушылар еліміздің жетістіктері туралы ой бөлісіп, патриоттық өлеңдер мен әндер орындады.