


15 қазан күні Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия мұғалімдер құрамы түнгі уақыттағы қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында түнгі рейд жүргізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кешкі уақыттағы тәртібін бақылау, қоғамда жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болды. ? Рейд барысында бірнеше аумақ қамтылып, қоғамдық орындарда жүрген жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
