Байқаудың мақсаты – білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, математика пәніне қызығушылығын арттыру.

Зияткерлік сайыс екі кезеңнен тұрды:
1-тур – «Бәйге» (логикалық сұрақтар);
2-тур – «Жұмбақ есеп» (логикалық есептер).

Білім алушылар екі кезең барысында өздерінің белсенділіктерін, жылдам ойлау қабілеттерін және тапқырлықтарын көрсетті. Екі тур нәтижесінде ең жоғары ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанып, қалалық кезеңге жолдама алады.