9 қазан 2025 жылы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда төтенше жағдайларда мектеп ұжымының, соның ішінде азаматтық қорғаныс құрылымдарының іс-әрекеттерін бақылау және жетілдіру мақсатында жаттығу өткізілді. Жаттығу «Асханада өрт туындады» нұсқауы бойынша өткізілді. Қалалық өрт сөндіру бөліміне хабарланып, өрт сөндіру командасы шақырылды және дабыл сигналы қосылды. нысаннан барлық ұжым және білім алушылар дер кезінде шығарылып, жаттығу жұмыстары талапқа сай жүргізілді. Мектеп директоры қалалық білім бөлімі мен ТЖ жөніндегі бөлімге ақпарат беріп, оқушылар кестеге сай сабағын жалғастырды. Бұл жаттығу әрбір жанның өмір қауіпсіздігін сақтау жолында тиімді сабақ болды.
@aqtobe_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy