Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда Дублер күні ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мектеп директорының қызметін мектеп президенті атқарды, ал мектеп парламенті мүшелері әкімшілік құрамның қызметін өз мойнына алып, жауапкершілікпен орындады. Сонымен қатар оқушылар ұстаздардың орнына сабақ өткізіп, дәліздегі кезекшілерге көмек көрсетті. Бұл күн ұстаздарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлап, оқушылардың көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.#біртұтастәрбие #біртұтас_тәрбие #адал_азамат #өзін_өзі_басқару_ұйымы #қалалықбілімбөлімі #облыстықбілімбасқармасы






