Ұстаздар мерекесіне орай Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда «Қалдырған ізің мәңгілік…» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында мектебіміздің ардагер ұстаздары арнайы қонақ болып шақырылып, олармен жылы сұхбат өткізілді. Ардагер ұстаздар өз еңбек жолындағы естеліктерімен, өмірлік тәжірибелерімен және жас ұрпаққа арналған ақ тілектерімен бөлісті. Іс-шара ұстаз еңбегін құрметтеу мен ұстаздық жолдың мәңгілік құндылығын дәріптеу мақсатында өтті.?