Ұстаздар мерекесіне орай Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда «Қалдырған ізің мәңгілік…» тақырыбында тағылымы мол, мазмұны терең мерекелік шара өтті. Бұл күн – ұрпақтың жүрегіне нұр құйған, саналы өмір жолын ұстаздық қызметке арнаған жандарға деген ерекше құрмет пен алғыс күніне айналды.

Мерекелік жиынға мектептің ардагер ұстаздары арнайы шақырылып, оларға бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан гүл шоқтары табысталды. Салтанатты сәтте мектеп директоры Амангельды Ибрагимович қалалық және облыстық білім бөлімдерінің Алғыс хаттарын ұстаздарға табыс етіп, еңбектеріне зор ризашылығын білдірді. Сондай-ақ кәсіподақ ұйымы да мектептің қоғамдық өміріне белсене араласқан ұстаздарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Шара барысында оқушылар өздерінің өнерлерін паш етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ал 11-сынып білім алушыларының әсерлі қойылымы көрермен жүрегіне жылы әсер қалдырды.
Бұл мерекелік жиын ұстаздық еңбектің қадір-қасиетін ұлықтап, шәкірт бойына ізгіліктің ізі мен рухани сабақтастықтың мәңгілігін сездірген тағылымды шара болды.#біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы #адал_азамат#ұстаздаркүні