Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 11-сынып білім алушылары аяулы ұстаздарын кәсіби мерекелері — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтап, ерекше ықылас пен мерекелік көңіл күй сыйлады.
Жас түлектер өз алғыстарын шығармашылық өнермен, жылы лебіздермен және шынайы ілтипатпен білдіріп, мұғалімдердің қоғамдағы орны мен еңбегінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте айқындап берді.
Ұстаздарымызға зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт тілейміз! Білім мен тәрбие жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын