Мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының президенттігіне үміткерлер өз бағдарламаларын таныстырды
2025 жылдың 25 қыркүйек күні мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының президенттігіне үміткерлердің бағдарламаларын таныстыру жиыны өтті. Шара барысында әр үміткер өз жоспарларын, бастамаларын және мектеп өмірін жақсартуға арналған идеяларын ортаға салып, оқушылар алдында қорғап шықты.
Оқушылар үміткерлердің ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарын қойып, белсенді түрде пікір алмасты. Бұл шара оқушылардың азаматтық белсенділігін арттырып, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
Алда болатын сайлауда барлық оқушылар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасайды деп сенеміз!



