










1. Алаяқтар интернет арқылы немесе әлеуметтік желілерде адамдарға хабарласады.
Олар:
• Жоғары табыс ұсынып;
• “Қашықтан жұмыс” немесе “Қаражат аударуға көмектес” деген желеумен байланысқа шығады.
2. Адамға банк шоты ашу немесе өзінің бар шотын пайдалану ұсынылады.
Дропперге:
• “Тек ақша қабылдасаң болды”,
• “Сен үшін ешқандай қауіп жоқ”
деп сендіреді.
3. Алаяқтар бұл шот арқылы басқа жәбірленушілерден ұрланған ақшаны жібереді.
Ақша дроппердің шотына түседі, кейін ол қаражатты қолма-қол шығарып немесе басқа шоттарға аударады
