Ата-аналар назарына!
Қазақстан Республикасы Білім ж»не ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына 13-қосымшасы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» қағидасына сәйкес құжаттар қабылданады.
Қабылданатын құжаттар топтамасы:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;
4) неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі
5) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы патронаттық тәрбиелеуге және қабылдау отбасына беру туралы уәкілетті органның шешімінің көшірмесі;
6) Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тергеп-тексеру актісі
7) Отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру туралы Қамқоршылық кеңесінің қорытындысы
Құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілген өтінішті қабылдаудан бас тартады
Өтінішті білім алушының заңды өкілі бере алады.
«Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия» КММ әкімшілігі

Loader Loading...
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab