“Өрлеу” біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларына “Мектептегі химия курсындағы химиялық эксперименттің ролі” тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Гимназия директоры Тойшыманова Маржанкул Кенешбаевна семинарды ашып, сәттілік тілеп, қысқаша мектептің әдістемелік жұмысына тоқталып өтті. Семинарда химия пәні мұғалімдері Керімбай Бибигүл, Әбдіғалиева Құралай, Танжарова Жайсұлу өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Цифрлық лаборатория, виртуальды лаборатория,молекулалардың 3Д модельдерін көрсетуге арналған “Chemcraft” , “СhemDraw” бағдарламаларымен таныстырды және оқу бағдарламасы бойынша зертханалық тәжірибелерді көрсетіп, өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімдердің жылы пікірлерін тыңдап, соңында Алғыс хатпен марапатталды.