Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде су тасқынынан орын алған ауыр жағдайға байланысты үндеуін жариялады.
Еліміздің 10 өңіріндегі орын алып отырған төтенше жағдай – бәріміз үшін сын сағат. ❤️☺️

???Президент «Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді»- деп бәрімізге зор сенімін білдіргені әрқайсымыздың жүрегімізге жол тапты.
Қазір Үкімет, мемлекет су басудың салдарын жоюға бар күшін салуда. Президент зардап шеккен бірде-бір азаматтың назардан тыс қалмайтынын қадап айтты.
???❤️❤️❤️??????Елге басу айту, сабырға шақыру, мейірім көрсету, қолдан келгенше көмекке бару ұстазға тән ұлы қасиеттер!
Осы сын сәтте ұздардарымыз ел бірлігінің ұйытқысы болғаны абзал. ?????????Әр қазақстандық азамат ел басына түскен сын сағатта өз үлесін қолынан келгенше қосқанымыз абзал.
❤️❤️❤️❣️❣️❣️Адамзат баласының артықшылығы да осы – біртұтас жұдырықтай жұмылған күшке біріккен мейірімінде! ❤️??Сондықтан ақпарат таратуда болсын, қандай да бір көңілге тиер ауыр сөз айтпай, «болған іске болаттай берік», ерік-жігері мықты, бірлік пен ынтымағы, мейірім мен парасаты жоғары ел ретінде осындай қиын сәттерде жұмыла білейік!❣️❣️❣️