Ақтөбе қаласының 155 жылдығына және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан мектепаралық 8-11 сынып оқушылары арасындағы Ақтөбе қалалық мәслихатының турнирі өтті. Сайыс нәтижесінде I орын – Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия, II орын – №27 орта мектеп-лицейі, III орынды – №1 орта мектебі оқушылары иеленді. I, II, III орын алған жеңімпаздар Ақтөбе қаласының әкімдігі және Ақтөбе қалалық мәслихатының дипломы, медальдары, кубоктары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның оқушылары Ж.Абилхайрова, Ә.Махсұт, Н.Серіков және №1 орта мектебі оқушысы А.Бураханова турнирдің облыстық кезеңіне жолдама алды.
